70 кг салмақ дәрежесінде Камила Оспанова финалда Өзбекстаннан Мафтуну Янгиеваны жеңді. 80 кг дейінгі санатта Айдана Убайдуллакызы үндістандық спортшы Мегха Шеокандтан басым түсті. 80 кг жоғары салмақта Зарина Толыбай Үндістаннан Прачи Токастан күштірек болды.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы U19 жас санатында үш алтын және бес қола медальға ие.
Қола жүлдегерлер: Мадира Жумакан (48 кг дейін), Едиге Нургожа (55 кг дейін), Акнур Турсынгали (57 кг дейін), Айсулу Мухит (65 кг дейін) және Жалгас Утебеков (90 кг дейін).
U23 әйелдер арасындағы финалдар бүгін кешкі сессияда өтеді. Ерлер арасындағы алтын үшін жекпе-жектер 16 шілдеде өтеді.