6190 метр биіктікте әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Арнайы операциялар күштерінің туын көтерді.
Экспедиция қазақстандық альпинистердің дайындық деңгейінің жоғары екенін, төзімділік пен рух күшін растады. Шыңды бағындыру ерлік пен жаңа жетістіктерге ұмтылыстың символына айналды.
Денали Алясканың оңтүстік орталық бөлігінде орналасқан және Денали ұлттық паркі мен қорығының құрамына кіреді. Атабаска тілінен аударғанда атауы «Ұлы» дегенді білдіреді.
Бұған дейін қазақстандық альпинистер Альпідегі «Өлім қабырғасын» алғаш рет өткен болатын.