Бастама мас күйінде жасалған қылмыстардың, ең алдымен ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алуға бағытталған.
Мұндай ауылдардың ең көбі Алакөл ауданында — тоғыз, Ақсу ауданында — сегіз. Қаратал және Көксу аудандарында төрт ауылдан, Ескелді және Кербұлақ аудандарында үш ауылдан, Сарқан және Панфилов аудандарында екі ауылдан қатысады.
Жобаны кеңейту жұмыстары жалғасуда. Полиция жергілікті атқарушы органдармен және тұрғындармен бірлесіп, жаңа елді мекендерді тартуда.
Негізгі мақсат — алкогольмен байланысты қылмыстарды азайту, қоғамдық тәртіпті нығайту және ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын дамыту.
Бұған дейін Түркістан облысында 800-ге жуық ауылдың 88-і спирттік ішімдіктерді сатудан толықтай бас тартқан.