Сот лагерь ұйымдастырушысы жасаған әкімшілік құқық бұзушылық істі қарады. Тексеруді ата-аналар мен қызмет тапсырыс берушілерінің санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуы туралы өтініштері негізінде бастады.
19 маусымда Алтынсарин ауданының бас санитарлық дәрігері бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді. 2 шілдеде қайта тексеру кезінде талаптардың көпшілігі орындалмағаны анықталды. Кәсіпкерге қатысты хаттама жасалды.
Сотта лагерь иесі кінәсін мойындап, жағдайды түзеуге кедергі болған субъективті себептерге сілтеме жасады. Сот бұл түсініктемелерді қабылдамады.
Кәсіпкер 432 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді және лагерьдің жұмысы үш айға тоқтатылды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін «Светофор» лагерінде сорпадан ішек таяқшасы және кір матрастар табылған. Мониторингке ата-аналардың әлеуметтік желідегі жарияланымдары себеп болды.