Қоғам

Жамбыл облысында прокуратура колледж студенттерінің құқықтарын қалпына келтірді

Жамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік кепілдіктердің сақталуын тексеріп, колледждің сегіз студентіне қатысты бұзушылықтарды анықтады.

25 шілде 2026 · 09:43·Оқу: 1 мин

Жамбыл облысында прокуратура колледж студенттерінің құқықтарын қалпына келтірді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·25 шілде 2026

Жеті студент жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан, сондай-ақ бір мүгедектігі бар студент заң бойынша тиесілі қолдау шараларын алмаған.

Оларға демалыс кезіндегі жолдамалар бөлінбеген, жол жүру шығындары мен тәуліктік шығындар өтелмеген, киім-кешек берілмеген және екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек төленбеген.

Колледж басшылығына прокуратуралық қадағалау актісі енгізілді. Оны қарағаннан кейін бұзушылықтар жойылды, ал студенттердің құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

Пікірлер