34 науқаста дәрігерлер сальмонеллездің ықтималдығын тіркеді. Барлық ауырғандарға аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне шұғыл хабарламалар жіберілді, сондай-ақ зертханалық зерттеулер үшін биоматериал алынды.
Госпитализацияланғандардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Барлық науқастар қажетті емді толық көлемде алады.
Көмекті үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Мұғалжар ауданына қосымша медициналық бригадалар жіберілді, төсек қоры және дәрі-дәрмек қоры дайындалды.
Денсаулық сақтау басқармасында науқастарды дәліздерге орналастырып жатыр деген хабарламаларды жоққа шығарды. Сонымен қатар мамандар байланыстағы адамдарды анықтап, бақылауда ұстап отыр.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметтері бойынша, барлық ауырғандар қоғамдық тамақтану нысандарының біріндегі іс-шараларға қатысқан. Мамандар өнімдердің сынамаларын және қоршаған ортадан алынған шайындыларды зертханалық тексеруге жіберді.
Мекеменің жұмысы тергеу аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды. Жағдай бейінді қызметтердің бақылауында қалып отыр.