Дүмпулер Түркістан облысының бірнеше аудандарында, соның ішінде Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Ордабасы, Отырар және Байдібек аудандарында, сондай-ақ Шымкент, Арыс, Ленгер қалаларында және Сайрам, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов, Темірлановка және Шаян елді мекендерінде тіркелді.
Жамбыл облысында дүмпулер Жуалы, Байзақ, Жамбыл, Талас және Мерке аудандарында, сондай-ақ Тараз және Қаратау қалаларында және Бауыржан Момышұлы, Сарыкемер, Аса, Құлан және Мерке ауылдарында сезілді.
ҚР ҰЯО ИГИ деректер орталығының мәліметі бойынша, себеп Астана уақыты бойынша сағат 08:06-да Пәкістан аумағында болған 5.6 магнитудалы жер сілкінісінің жерасты дүмпулері болды.