Құжат маслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін айқындайтын жаңа бапты енгізеді. Ол аппараттың жұмысын басқарады, «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін тағайындайды және босатады, тәртіпті бақылайды және маслихат сессияларын ұйымдастырады.
Аппарат басшысы сондай-ақ шешім жобаларын дайындауға, депутаттардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға және қызметкерлердің іссапарлары, демалыстары мен көтермеленуі мәселелерін шешуге құқық алады.
Маслихаттар акимдер халықпен талқылайтын проблемалық мәселелер бойынша жоспарларды іске асыру нәтижелерін қарай алады. Сонымен қатар, олар бюджеттік комиссияларға қатысады, елді мекендерді санитарлық тазарту қағидаларын бекітеді және ревизиялық комиссиялардың төрағалары мен мүшелеріне тәртіптік жаза қолданады.
Депутаттық сауалдарды қарау мерзімі 30 күннен 15 күнге қысқарады. Жергілікті қоғамдастық жиналыстарының өкілеттіктері кеңейеді.
Бір адам облыстық, аудандық маслихаттың немесе республикалық маңызы бар қаланың және астананың маслихатының төрағасы лауазымын қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.
Заң 2026 жылғы 26 шілдеде күшіне енеді.