Ашылуында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйледі. Ол қазіргі ұрпақ адамдар мен машиналардың бірге өмір сүру ережелерін белгілей алатын соңғы ұрпақ екенін мәлімдеді.
Гутерриш ЖИ тым жылдам дамып жатқанын және қазірдің өзінде қоғамдарға жоспарсыз және келісімсіз эксперименттер жүргізіп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, енді мәселе елдердің осы өзгерістерді бірге басқара алуында.
Диалогтың ашылуымен бір мезгілде ЖИ бойынша Тәуелсіз халықаралық ғылыми топтың бірінші баяндамасы ұсынылды. Топты Йошуа Бенжио мен Мария Ресса басқарады. Құжатта технологиялар қолданыстағы реттеу тетіктерінен озып кеткені айтылады.
Кездесуде Қазақстанды Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев бастаған делегация ұсынады. Бұған дейін ол Халықаралық телекоммуникация одағының бас хатшысы Дорин Богдан Мартинмен кездесу өткізген.
Диалог 6–7 шілдеде Ақпараттық қоғам жөніндегі дүниежүзілік форуммен қатар және «ЖИ игілік үшін» жаһандық саммиті алдында өтеді.