Ұшуларды тоқтатпай жұмыстар жүргізілуде. Мамандар перронның қалған бөлігінің жабынын төсеп, периметр бойынша жаңа қоршау орнатып, қосымша жарықтандыруды орнатуда.
Бірінші кезең 2025 жылдың шілдесінде аяқталды. Сонда ұшып-қону жолағы мен рульдік жолдар жаңартылды. Жоба 2024 жылы аэродромдық жабындарды кешенді реконструкциялаудың жалғасы ретінде басталды.
Барлық жұмыстарды 2026 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда. Осыдан кейін әуежай барлық типтегі әуе кемелерін, соның ішінде ең ірілері — F санатындағыларын қабылдай алады.
Жаңғырту ұшақтардың тұрақ орындарының санын және беріктігін арттырады, ұшу қауіпсіздігі деңгейін көтереді және ауыр жүк бортындарына қызмет көрсету жағдайларын жасайды. Бұл Қазақстанның батыс өңіріндегі халықаралық транзиттік бағыттар мен жүк тасымалдары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.