Экономика

«Хан Шатыр»

Хан Шатыр — Қазақстан елордасының жаңа нышаны. Бұл — Астанадағы әлемдік деңгейдегі шопинг пен ойын-сауықты біріктіретін жалғыз лайфстайл-орталық. Хан Шатыр…

28 тамыз 2014 · 17:43·Оқу: 3 мин

«Хан Шатыр»
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·28 тамыз 2014
  1631481 han-shatyr-5

Хан Шатыр — Қазақстан астанасының жаңа нышаны. Бұл Астанадағы әлемдік деңгейдегі шопинг пен ойын-сауықты біріктіретін жалғыз лайфстайл-орталық. Хан Шатырды британдық сәулетші шатыр пішінінде жобалаған. Оның басты кірер есігінен Президент сарайына керемет көрініс ашылады. Ол жаңа астананың ең биік нүктесі әрі Орталық Азиядағы ең кең ауқымды ойын-сауық орталығы болып табылады. Астананың жаңа ойын-сауық орталығында бірнеше табиғи ландшафт аймағы ұсынылған. Ғимараттың ортасында көрме мен ойын-сауық іс-шараларына арналған алаң бөлінген. Ерекше назар аударатыны — бір-бірімен жалғасқан үш бассейн және олардың бойымен созылып жатқан құмды жағажай. Ол Астана қаласы, Тұран даңғылы, 37 мекенжайында орналасқан.

Пікірлер