Экономика

Премьер-министр Қазақстанды газдандыру жоспарларын жаңартуға бір ай уақыт берді

Премьер-министр Олжас Бектенов Энергетика министрлігіне, QazaqGaz және облыс әкімдіктеріне газ тарату желілерін кеңейту жоспарларын бір ай ішінде жаңарту тапсырды.

1 шілде 2026 · 08:50·Оқу: 1 мин

Премьер-министр Қазақстанды газдандыру жоспарларын жаңартуға бір ай уақыт берді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·1 шілде 2026

Олжас Бектенов Президенттің елді газдандыруды жеделдету және оның деңгейін 80%-ға жеткізу міндетін қойғанын еске салды.

Энергетика министрлігіне QazaqGaz және әкімдіктермен бірлесіп жобаларды толық қаржыландыруды қамтамасыз ету және олардың орындалу мерзімдеріне қатаң бақылау орнату тапсырылды.

Үкімет жақын арада газ саласын дамыту мәселесін жеке қарайды.

Бұған дейін газдандыруды өткен жылғы 62,4%-дан биылғы жылы 64,3%-ға дейін жеткізу жоспарланған еді.

Пікірлер