Экономика

Қашаған операторлары Қазақстанға 2,3 трлн теңгені 20 шілдеге дейін төлеуі тиіс

Вице-министр Даниэль Ваисов Қашаған операторларына салынған айыппұл бойынша сот шешімінің күшіне енгенін хабарлады.

14 шілде 2026 · 13:52·Оқу: 2 мин

Қашаған операторлары Қазақстанға 2,3 трлн теңгені 20 шілдеге дейін төлеуі тиіс
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·14 шілде 2026

Шетелдік компаниялар 2,3 трлн теңгені 20 шілдеге дейін төлеуге міндетті. Әйтпесе, Қазақстан атқарушылық іс жүргізуді бастап, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

Кен орнының операторлары мемлекеттік органдардың әрекеттерін халықаралық инстанцияда даулауды жалғастыруда. Подрядчиктер Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа (ICSID) жүгінді.

Тараптар арбитрлер құрамын қалыптастыруды аяқтауда. Арбитраж шілде айының соңына дейін құрылады деп күтілуде.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылы күкіртті артық сақтағаны үшін 2,3 трлн теңге (5,1 млрд доллар) талап еткен. 2025 жылдың тамызында сот ескертпелерін жойғаннан кейін ведомство айыппұлды қайта тағайындады.

Пікірлер