Экономика

Доллар саудада 467,65 теңгеге дейін арзандады

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 467,65 теңге болып, 1,57 теңгеге төмендеді.

22 шілде 2026 · 12:48·Оқу: 2 мин

Доллар саудада 467,65 теңгеге дейін арзандады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·22 шілде 2026

Ұлттық банктің 22 шілдедегі ресми бағамы 469,59 теңге деңгейінде белгіленді.

Астана айырбастау пункттерінде долларды 466 теңгеден сатып алады, ал 473,01 теңгеге сатады. Еуроны 530 теңгеден алады және 540 теңгеге береді. Рубльді 5,5 теңгеден сатып алады, 5,8 теңгеге сатады.

Алматыда американдық валютаны орташа есеппен 467,93 теңгеге сатып алады және 469,71 теңгеге сатады. Еуро 533,43–538,70 теңге аралығында сатылады, рубль — 5,61–5,75 теңге.

Шымкентте долларды 468,16 теңгеден сатып алады және 470,24 теңгеге сатады. Еуро 533,28–538,28 теңге аралығында, рубль — 5,65–5,72 теңге.

Кеше, 21 шілдеде, доллардың орташа өлшенген бағамы 0,73 теңгеге төмендегеннен кейін 469,59 теңге болды.

Пікірлер